13.12.2019 ж. мектебімізде Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толуына орай мерекелік іс- шара өтті. Мақсатымыз - оқушыларды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Шара барысы мемлекетіміздің әнұраны орындалуынан басталды. Күй тартылып, мектебіміздің әнші, бишілері көпшілікке өнерлерін тамашалатты. 16-желтоқсан, біздің еліміздің алдында керемет мүмкіндіктер ашқан, болашағымызға үміт сәулесін түсірген киелі күн! Бұл деген үлкен бақыт! Асыл бабаларымыз аңсаған арманның орындалуы- біздердің бағымызға бұйырыпты, яғни қазіргі дәуір. Бағалай білейік! Келешегіміз жарқын болсын! Мереке құтты болсын!