Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім басқармасы Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі" КММ-не қабылдау 0-сыныптан бастап жүргізіледі. Қабылдау рәсімі "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттеледі (пп.15-46). Мектепте 2 мектеп алды даярлық тобы бар.