Текст
Мектебімізде 8-11 сынып қыздарымен "Қыздар арасында" атты ерте жүктіліктің алдын алуға және қыздардың өнегелі тәрбиесіне бағытталған zoom платформасы арқылы кездесу ұйымдастырылды. "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" демекші қыздарымызға жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға, тиянақтылық, қыз намысы, жүріс- тұрыс дағдысы, сымбаты туралы мағлұмат берілді.