"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқуға құштар мектеп"

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев «Оқуға құштар мектеп» жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында мектептердің кітапханасы көркем-әдеби кітаптармен тоылығып отырады.

 

«Бүгінде мектеп кiтапханаларында 200 милионнан астам әдебиет бар. Оның 38 миллионы көркем әдебиет пен мерзiмдi басылымдар. Алайда ондағы кей кітаптардың сапасы сын көтермейді. Мәселен, өткен ғасырдың соңындағы кітаптарға назар аударсақ, оның ішінде көркем-әдеби кітаптардың жиырма-отыз пайызы жарамсыз екендігі белгілі болды», - деді ол.

Сондықтан да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларын дереу көркем әдебиетпен толтыру мәселесі көтеріліп отыр. Алайда, оның сөзіне сенсек, бұл жоспарды іске асыру үшін бес жылдай уақыт қажет. Осы уақыт аралығында еліміздегі барлық мектепті көркем-эдеби кітаппен толықтыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, орталық директорының мәліметінше, жоғарыда атап өткен жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20 пайыз көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек.

 

Оның айтуынша, «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Бұдан бөлек ол тізімді арнайы комиссия бекітетінін атап өтті. Оның пікірінше, жыл сайын аймақтағы әкімшіліктер кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтырып отыратын болса, оқушылардың, жастардың кітап оқуға деген құштарлығы арта түсетін еді.

 

«Жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін үлгілі мектептерде көптеген жұмыс атқарылуда. Соның ішінде Білім-инновация лицейінде жаңалықтар енгізіліп жатыр. Оның ішінде «Оқу сағаты» деген жоба бар. Ол баойынша, күн сайын мектепке келген оқушыға 20 минуттай кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай іс-шаралар бірқатар алдыңғы қатардағы мектептерде бар екені белгілі», - деді орталықтың директоры.

Алайда, оның пайымынша, мұндай жобаларды одан әрмен дамытып, республикалық деңгейде дем беру үшін тек оқушылардың ғана емес, ата-ананың да қызығушылығын арттыру бағытында «Жол картасында» бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Барлық құқықтар қорғалған. strategy2050.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://strategy2050.kz/news/balalardy-kitap-o-u-a-yzy-tyru-o-u-a-shtar-mektep-zhobasyny-erekshelikteri/

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушыларға арнайы көрмелер, тәрбие сағаттары, челлендждер және т.б. өткізілді

   

 

Жаңартылған күні: 10.02.2021 10:58
Құрылған күні: 10.02.2021 11:05

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст