Оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталып, оқушылар күзгі демалысқа шықты. Демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу үшін бірқатар шаралар ұйымдастырылады. Күзгі демалыс “Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» атты ұранмен өткізіледі.
Осы мақсатта әрбір мектепте іс-шаралар жоспары әзірленді. Әзірленген іс-шаралар жоспары аясында челлендждер, қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер көрмелері, конкурстар және тәрбие сағаттыры, "Comedy Kids" конкурсы, мектеп президенті сайлауы және т.б. өткізілді.
Карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимде өтті.