"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық қыздар күні

Халықаралық қыздар күні

Халықаралық қыздар күні мектебімізде " Қыздар арасында..." атты 8-11 сынып қыздарымен кездесу өтті. Мақсаты ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер арасында кездесетін түсінбеушіліктер мен ұлтымыздың "Қызға қырық үйден тыйым" мән- мағнасын ажыратып, саналарына құю болды. Директордың ТЖО Жумабекова Н.Х, мектеп психологі Мұхамеджанова Д.Ш, әлеуметтік педагог Бекбулатова Г.С ұйымдастыруымен өткен бұл шара қыздарымыздың болашақ өмірінің жарқын болатынына септігін тигізетіні сөзсіз. Кеш барысында оқушы қыздармен пікір алмасып, керек жаднама таратылып, әдемі- әуезді "Біздің елдің қыздары ең әдемі атты" бейнебаян көрсетілді.

 

                                      

 

 

 

 

Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу

 

   Мақсаты : Жас жеткіншектір арасындағы  ерте жүктіліктің алдын алу.

Форма: әңгіме.

Қатысқандар: 8-9-10-11 оқушылар, мектеп психологтары, ТІМ, Әлеуметтік педогог,

Жиналыста дәріс оқығандар:

      Ертежүктілік деген не?

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын

жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,

гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.

  

          Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктіліккезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,

эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

     

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.

 

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасыбар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –проблемадан сақтану.

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.

Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

  

 Ерте жүктіліктің нәтижесі.

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.  

Жаңартылған күні: 01.12.2019 23:23
Құрылған күні: 01.12.2019 23:23

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст