"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» мектепішілік ерікті клубының 2019 – 2020 оқу жылы бойынша атқарған жұмысы.

 

/public/files/2020/6/9/090620_113440_adal-rpa20192020-eseb.doc

                      «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде  2016 жылдан  «Адал ұрпақ» еріктілер клубы    жұмыс  жасай  бастады.  Осы орайда  мектептебімізде "Адал ұрпақ ерікті  мектеп  клубын  құру  туралы "

 ( 05.12.1016ж  бұйрық №90-а) ж бұйрық шығарылып   .

 1. Клубтың   жылдық жұмыс жоспары бекітілді, 

 2. Жауапты  жетекшісі тағайындалды

 3. Клуб атрибуттары таңдалып  алынды , (төс белгі, галстук, туы)

     2019-2020 оқу жылында  клуб мүшелері  толықтырып, жаңадан  қабылданған   клуб мүшелері  салтанатты сап түзеуде  ант берді.

                    Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында  мектебіміздің  үшінші  қабатындағы   дәлізде  үнемі жаңартылып отыратын "Парасатты азамат" бұрышы орнатылған. Осы орайда 13.09.2019 жылы 8-11 сыныптың білім алушыларына «Парасатты азамат» бұрышының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.

                 Бүгінгі  күні   клуб  мүшелері  қатарына   сабақта озат, қоғам­дық жұ­мыстарда белсенді, дарынды  8-11 сыныптардан 28 патриот оқушы   қабылданып  ант берді.

 Олар  өз жұмысын 3 бағытта:

І. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы

 ІІ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ақпарат және                                       

     шығармашылық   секциясы             

 ІІІ. Мәдени-көпшілік іс-шаралар секциясына  бөлініп  өз жұмысын  жүргізіп келеді.

    Қараша айында  1-4 сыныптар аралығында «Адал болу адамға не үшін қажет», 5-8 сыныптарға «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс», 9-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары»  атты тәрбие сағаттары өткізілді. Желтоқсан айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас өтті.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық» шеңберінде 5-8 сынып оқушы арасында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» сынып сағаттары өткізілді.

        Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде бірыңғай «Парасаттылық сағаты»  ұйымдастырылды.

       «Адал Ұрпақ»  ерікті  мектеп  клубының жұмыс жоспарына сәйкес, «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында  құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланды. Жиында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Ал жемқорлықпен күрес саласының  мамандары тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

        Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі екені бәрімізге мәлім. Жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.

     Клуб өз жұмысын мектепте  жасөспірімдердің құқықбұзушылығының алдын алу  мақсатын   жүзеге асыруда  үлкен көмек көрсетеді .  Оқушылар арасында  бопсалау, басқаның құқығына қол сұгу сияқты  құқықбұзушылық анықтау  үшін  5-11сынып тарда анкеталар  өткізіліп, қорытындылар  жасалды.

           Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген «Адалдық дүкенін» ашу болатын. Биылғы жылы  мектебімізде «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 

 Адалдық дүкенінің мақсаты - оқушыларды адалдықпен ізгілікке тәрбиелеу.  «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.

         Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.

          Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.

        Елбасы атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көп мәселе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты болады.

       «Адал  ұрпақ»  мектепішілік ерікті   клубының  жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.

 

 

 

                                           

 

Жаңартылған күні: 09.06.2020 11:35
Құрылған күні: 09.06.2020 12:08

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст