"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал ұрпақ"

С. Сейфуллин атындағы №5 көп салалы мектеп лицейінде

«Адал ұрпақ » клубының  жұмыс  бойынша есеп .

   Қазан 2018-2019 оқу жылы

 

          Мектебімізде « Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын тұрақты жалғастыруда .

 Адал ұрпақты  тәрбиелеу жолында  әрбір  сынып жетекшілері  , пән мұғалімдері  белсене атсалысады.  Мектебіміздің  жиын  залында «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры Мукажанова Л.Ө  сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.

                   Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша  іс шаралар  жиі өту де.  «  Өзге елде  сұлтан болғанша,  өз еліңде ұлтан бол!» тақырыбында  8-9сынып   оқушылары  пікір  алмасып, өз ойларын ортаға салды   .

          6 сыныптарда сынып оқушыларына  мектеп инспекторы  тәртіп бұзушылықтың  алдың алу мақсатында  дәріс оқыды.

               6«К» сыныбында ата- аналар  мен ұстаздар  арасында да жақсы  қызықты    сайыс өткізді . Сынып  жетекшісі Қалтенова Зияда  Қалауовна.

           Сонымен қатар  барлық сыныптарда  «Зиянды әдеттерден аулақ болайық»  тақырыбында  тәрбие сағаттары өткізілді.

                  Еліміз мәнгілік ел болу үшін  ұрпағымыздың  отанға деген сүйспеншілігі  мықты  болу керек екендігі,  әр адам оған атсалысу  міндеті,  әрі парызы екендігін , отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау  алатынын  ойларына  түйіндеді .

                           Іс- шараларға балалар  белсенді қатысуда

 

                                     С. Сейфуллин атындағы №5 көп салалы мектеп лицейі

«Адал ұрпақ » клубының  жұмыс  бойынша есеп .

                                                 Қараша  2018-2019 оқу жылы                                                         22.11.2018

      Мектебімізде « Адал ұрпақ» клубы  жүйелі жұмыс жасауда . «Адал ұрпақ» клубының   қараша  айына жоспарланған «Ел мүддесіне  адал қызмет »атты іс шарасы  (12.11-21.11.2018ж) жоспарланып  22.11.2018ж   өз мәресіне жетті.

 1-4 сыныптар арасында суреттер сайысы бойынша 1 «А» , «Ә» 3 «Ә», 4 «Ә», 2 «А» сыныптар өте белсенді қатысты.

5-7 сыныптарда өлеңдер сайысынан

Хабахай Ажар 8 «Б» «Ер Махамбет » өлеңі үшін- I орын;

Сайрат Нұрғиса 6 «Б» сынып  «Өмір »өлеңі үшін -II  орын

Қожабекова. А .7 «Ә»-  II  орын ;   

Дулат. А 5А,- IIIорын;  Нұрназарова .Г « Біз сол тірілердің біріміз» өлеңі үшін –IIIорын;

Ата –ана  Бәкенова Сымбатқа  «Тілектес болайық өзгеге » өлеңі үшін; оқушы  Бәкенова Томиристің   анасына . Алғыс хат

8-9сыныптарда тақырыбы: « Тура биде туған жоқ Туғанды биде иман жоқ»  ЭССЕ  байқауы  бойынша   6 жұмыс қабылданды .Оның ішінде 8 «А» сыныбы белсенді қатысты . 

Ермек Жұлдыз 9 «Ә»-I орын

Қорқытпай Аружан  8 «А» II орын;

 Жүнісов Мағжан  8 «А» II орын;

Ахметов  Даниял   8 «Б» III орын;

Жұмабай Мерей  және  әжесі  Альжанова Гүлжан  8 «А»  III орын;

Жұмабай Мерей  және  әжесі  Альжанова Гүлжан  8 «А»  III орын;

Кайржанова  Динара және ағасы  Абенов  Азамат  Жанатұлы 8 «А»  III орын;

10-11сыныптар  арасында «Бұл палата  жемқорлықпен күресудің  тиімді механизмін  ұсынады » дебат өткізіліп 10сыныптар  өз  жобаларын  жақсы дәлелдеп ,  қорғап  шыға білді . 

 

 

С. Сейфуллин атындағы №5 көп салалы мектеп лицейінде

«Адал ұрпақ » клубының  жұмыс  бойынша есеп

      2019ж қаңтар   

              Мектебімізде 2019 жылдың 11 қаңтарында өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу  мәдениетін,  адамгершілік сезім  мен  этикалық сананы қалыптастыру;  азаматтыққа, отансүйгіштікке,  адал еңбекке тәрбиелеу мақсатында   құрылған  «Адал ұрпақ» ерікті  мектеп  клубының  жетекшісі Райхан Манаргүл және клуб мүшелерінің  ұйымдастыруымен  "Адал ұрпақ  - Мәнгілік  ел  кепілі"  тақырыбында  іс-шара өткізілді. 

     Іс-шара барысында  мектеп директоры  Мұқажанова Ләззат Өндірісқызы

I жартыжылдықта  клуб жұмысына  белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

    1-4 сыныптар  арасында   «Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек» атты  жас суретшілер  сайысы бойынша 1 «А» ,1 «Ә», 2 «А»,  3 «Ә», 4 «Ә», сынып оқушылары,  5-8 сыныптарда  «Мемлекеттік қызмет – елдің  мүддесіне адал еңбек» атты өлеңдер сайысында ақындық өнерімен  көзге түскен оқушылар  Хабахай Ажар, Сайрат Нұрғиса, А.Қожабекова, А.Дулат,  Г.Нұрназаровалар; 8-9 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам  дерті» атты эссе  байқауының жеңімпаздары   Ермек Жұлдыз, Қорқытбай Аружан,  Жүнісов Мағжан, Ахметов  Даниял,  Жұмабай Мерейлер марапатталды.

      Жаңа жылға  клуб мүшелерінің  қатары  толықтырылып, төсбелгісі тағылды.  Оқушылар өз елінің  патриоты болуға,  ана тілін қастерлеуге,

үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге құштар болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, абыройлы, адал, әділетті болуға, өз бойын сыбайлас жемқорлыққа  қарсы ұстануға және оны өз достарынан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға  салтанатты түрде ант етті.

 

С. Сейфуллин атындағы №5 көп салалы мектеп лицейінде

«Адал ұрпақ » клубының  жұмыс  бойынша есеп .

   Ақпан-наурыз  2019 оқу жылы    

 

          Мектебімізде « Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын тұрақты жалғастыруда .

 Адал ұрпақты  тәрбиелеу жолында  әрбір  сынып жетекшілері  , пән мұғалімдері  белсене атсалысуда.  1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары «»

                   Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша  іс шаралар  жиі өту де. « Мен және  заң  » тақырыбында  9-11сынып   оқушылары  пікір  алмасып, өз ойларын ортаға салды   .

          6-7 сыныптарда сынып оқушыларына  мектеп инспекторы  шақырылып  құқықбұзушылық жайлы   әнгіме,  дәріс оқыды.

 «Парасатты азамат» бұрышы   «Бала құқығы  мен міндеттері» тақырыбында  жаңартылып, құқықбұзушылықтың  алдын алу мақсатында   жадынама  және т.б     құқықтық  мәліметтер  ілініп  түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

   Клуб мүшелері  өз отырыстырын  өткізіп,  келесі айға жоспарды талқылады.Сонымен қатар  мектепте қосыпша қызметкерлердің еңбегін бағалап ,  көрсеткен қызметтеріне  өз алғыстарын білдіріп  кіші сыныптағы  іні-қарындастарына үлгі көрсете білді.

   Еліміз мәнгілік ел болу үшін  ұрпағымыздың  отанға деген сүйспеншілігі  мықты  болу керек екендігі,  әр адам оған атсалысу  міндеті,  әрі парызы екендігін , отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау  алатынын  ойларына  түйіндеді .

                           Іс- шараларға балалар  белсенді қатысуда.

                                                                                                                   28.03.2019ж

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 09.06.2020 01:18
Құрылған күні: 09.06.2020 01:32

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст