«Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт»
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Осы мерекеге орай мектепте кезекші сыныптарда жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. 5-11 сыныптар үшін барлық іс-шаралар онлайн түрде өткізілді. Ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар құттықтау сөздерімен видео әзірледі. Оқушылар би билеп, ән айтып, күй шертіп, өлең-шұмақтарымен барша Қазақстандықтарды келе жатқан 2021 жылымен құттықтады. Сынып жетекшілер онлайн тематикалық сынып сағаттарын дайындады.