Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды мекенжайы Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, №46 ғимарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Степногорск қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі білім беру саласында 2021 жылы 170 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
4003015 "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау" - 14
403003" бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау " -144
403004 "бастауыш, күндізгі, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау"- 3
803005 "негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" - 8
803014" білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру және растау үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау " - 1
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат № 5 КМЛ сайтында орналастырылған http://sc0005.stepnogorsk.aqmoedu.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.