2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 46 ғимарат.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» КММ-де білім беру саласында 13 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы 250 қызмет көрсетілді;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылы «Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» КММ 214 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 1 қызмет;
электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді - 74 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 4 қызмет.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2) 403003 - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – 79;
3) 403010 - «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» -52;
4) 403017 - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»– 44;
5) 803005 - «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 7;
6) 803018 «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» - 12:
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://sc0005.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/2515-14-01-26-13-10-30-rezulytaty-obschestvennogo-monitoringa-kachestv білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы әлеуметтік желілерде 6 ақпараттық мақала мен 4 тікелей эфир жарияланды. Ай сайын халықты көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2 қызметкер қызмет көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.
2026 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады
