/public/files/2021/4/5/050421_144615_pamyatka-kaz.pdf
5-сынып оқушыларының бейімделуін бақылау нәтижелері туралы консилиум
Мақсаты: 1.Оқушылардың жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеу.
2.Оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдайларды ұйымдастыру, білімі, іскерлігі, дағдысындағы кемшіліктерді жоюдың педагогикалық шаралар жүйесін құру.
3.Қиын және конфликтілік жағдайларды шешуге кеңес беру.
Педагогикалық консилиумда қаралатын мәселелер:
1.Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың білім деңгейін, тәртібін бақылау мақсатында кірілген сабақтарының талдауы
2.Бастауыш сынып пен орта буын арасында сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында негізгі пәндерден қараша, желтоқсан айларында алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы.
3.5-сыныптың бейімделуі, орта буынға бейімделуін айқындау мақсатында жүргізілген педагогикалық-психологиялық диагностиканың қорытындысы, оқушыларға психологиялық көмек жұмыстарын ұйымдастыру, түзету-дамыту жұмыстары, ата-аналарға кеңес беру.
4.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жоспары негізінде өткізген іс-шараларының тәрбиелілік мәнін анықтау қорытынды анықтамасы. Оқушылардың тәртібі бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысы.
5. Сынып жетекшісінің оқушыларға мінездемесі, оқушылардың сапалық құрамы , оқушылардың білім сапасы , тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар анықтамасы.
6. Жоспар бойынша бекітілген сабақтарға қатысу талдау анықтамасы

Әдістемелік кеңеске 5-сыныбына сыныптық-қорытынды бақылау нәтижесі.
Педагогикалық консилиумның негізгі мақсаттары:
Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.
Оқушылардың білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімделу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес 10 қыркүйек пен 15 қазан аралығында 5 "А", "Ә", "Б" сыныпарында сыныптық-қорытынды бақылау жүргізілді.
Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды:
Сынып жетекшісі сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ортаға талдау жасады.
Ұсыныс:
Сынып жетекшісілеріне оқушылардың табысты бейімдеу кезеңін ұйымдастыру үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.
Пән мұғалімдері оқушылардың пәндік арнайы білім дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдануды жалғастыру керек.
5 – ші сынып оқушылармен психологиялық тұрғыда бейімделу жұмыстары өткізілуде.