"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке

 дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім

беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етуге

байланысты тауарларды сатып алу ережесіне
2-қосымша

     

     

 

Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама

     

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу ережесіне сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Степногорск қаласының қалалық білім бөлімі жанындағы «С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей» КММ, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 46-ғимарат, 040340004020, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, БСК KKMFKZ2A, ИИК  KZ81070103KSN0316000, Кбе 12, 8(71645)61026, 66675, buh_mshl5@list.ru

 

      1. Жалпы ережелер

      1.Конкурс білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша өнім берушіні таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Көрсетілетін қызметті немесе тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома  7299483 (жеті миллион екі жүз тоқан тоғыз мың төрт жүз сексен үш) теңге 30 тиынды (ҚҚС-сыз) құрайды.

      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды жеткізушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

      2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

      3) осы конкурстық құжаттамаға 45-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      4) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      5) осы конкурстық құжаттамаға 78-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарды;

      6) осы конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы үлгілік шартты қамтиды.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:

      1) мынадай банк шотында «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, БСК: KKMFKZ2A, ИИК:  KZ750705034640475001, БСН: 040340004020,

Кбе 12 орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;

      2) банктік кепілдік.

     Әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі құжаттар пакетін 2020жылдың 04 ақпан сағ.10.00-ге дейін конкурсты ұйымдастырушының ҚР Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 46-ғимарат мекенжайында орналасқан пошталық мекенжайына жібереді немесе №19 кабинетіне (бухгалтерия) комиссияның хатшысына қолма-қол береді.

      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

МЕНЮ

Жаңартылған күні: 14.06.2024 13:42
Құрылған күні: 14.06.2024 13:46

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст