1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор еңбегі танылған болатын.
Тұңғыш Президент күніне орай мектепте дөңгелек үстел, көрме, онлайн тәрбие сағаттыры және т.б. өткізілді.