Жастарды дәстүрлі емес ағымдағы ұйымдардан қорғау мақсатында директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Жумабекова Н.Х мен мектебіміздің педагог психологі Болатова А.Е "Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу" атты рухани- танымдық сабақ өткізді. Онлайн ұйымдастырылған сабаққа 9-11 сыныптың қыз балалары қатысты.
Сабақ барысында оқушыларға сан түрлі жат ағымнан сақтануға, ата- ананы қадірлеу, салт дәстүрімізді ардақтау туралы, имандылық туралы айтылды. Көшеде кезіккен уағызшылармен сөйлеспеу, діни ағым туралы оқулықтар ұсынса алудан бас тарту, дін туралы ойларыңды ашық танымайтын ортада айтпау туралы ескертілді. Дін туралы кеңес алу керек болса алдын- ала ата- ана, ағайындарыңызбен ақылдасқан жөн. Біз зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы қоғамның дәстүрі бар екенін ұмытпауымыз керек. Халық дәстүрін жас ұрпақтың жүрегіне ұялату, санасына жеткізу бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектердің парызы.
Жастарды дәстүрлі емес ағымдағы ұйымдардан қорғау мақсатында мектебімізде тарих пәні мұғалімі Аяған Нұржан Алдоңғарұлы "Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу" атты рухани- танымдық сабақ өткізді. Онлайн ұйымдастырылған сабаққа 9-10 сынып оқушылары мен қонақ ретінде қалалық мешіттің имамы Аубакиров Медет Даулеткелдіұлы қатысты.
Сабақ барысында көптеген құнды мәліметтер берілді.
Оқушыларға рухани тәрбие, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылды. Сұрақ туындаған сәттерде жауабын ғаламтордан іздемеуге шақырды.