"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Депрессиядан қалай арылуға болады?»

«Депрессиядан қалай арылуға болады?», «Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң» тақырыптарында жас жеткіншекке жадынама лар таратылды

 

«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»

 Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің  ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.  Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.

 

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

 

1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздері жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, аздап оқығаны жақсы.

4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді. 

5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз - үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6. Адам түсінде есіне сақтамайды - бірақ ұмытпайды.

 

 

 

Депрессиядан қалай арылуға болады ?

1.Торықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия ерте ме, кеш пе өтеді де, қуанышты, сергек көңіл-күй келеді. Депрессия міндетті түрде өтетініне, әр уақытта сену керск.

2.Құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге
ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген

денсаулыққа зияны жок, депрессиядан шығаратын тәсілдер бар, олар - жақсы әуен, достармен әңгіме, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.

3.Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп уақытқа созылған стреске байланысты болар. Мұндай жағдайда Сізге өте ауыр әсері бар негізгі себептерді болдырмағаны жөн болар еді. Оларды ең болмаса азайтуға не сол мәселелерге өзіңіздің қатынасыңызды төмендетуге (азайтуаа, өзгертуге)
міндетті түрде тырысу артық емес. ("Ал, маған бұл керек те емес", "Не болса, сол болсын!", "Бұл туралы мен ертең ойласам да болады!").

4. Көбінесе депрессияға себепкер болатын - жыл мезгілі.
Мысалы, көптеген адамдар үшін, көктем айы – психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзіңізге "көптеген істерді" жүктеуге болмайды. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәні - витаминдерді қабылдау, таза ауа, бірқалыпты және уақтылы ұйқы болған жөн.

5.Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.

6.Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде, Сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөлікттеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастан өткізгендегі сезіну пайдалы.

7.Өзіңіздің таныстарыңызбен достарыңыздың арасындағы әңгіме кезінде бейтарап тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы "ойламауға" тырысыңыз. Әйтпесе Сіз өз жағдайыңызды ауырлатасыз.

8. Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам кызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.

 

IMG_5451IMG_5448

Мектеп психологы  Мухамеджанова Д.Ш.

 

Жаңартылған күні: 01.12.2019 23:26
Құрылған күні: 01.12.2019 23:26

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст