29 қыркүйек - 9 қазан аралығында мектебімізде "Біз біргеміз" психология онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты-оқушылардың әлемде болып жатқан пандемия кезінде бір-біріне жанашыр болуға, көмек көрсете білуге баулу болды. Онкүндік аясында сурет көрмелері, онлайн сабақтар, психологиялық ойындар өткізілді.
Мектеп психологы Карибуллина Н.А. 1 сыныптар арасында «Мен оқушымын" диагностикасын өткізді. Сонымен қатар, «Үй.Ағаш.Адам.» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп психологы Болатова А.Е. 8-10 сыныптарымен ZOOM платформасында дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында «Қалай көмек сұрауға болады" онлайн сабағын өткізді. 2-3 сыныптарға «Мен-ол мен" және «Жақын адамыма сыйлық" сурет көрмелері ұйымдастырылды.
Мектеп мұғалімдеріне «Қашықтықтан оқыту кезіндегі кәсіби ортадағы эмоционалдық күйудің алдын алуы", ата-аналармен табысты жұмыс жасау туралы кеңестер берілді.
10 «Ә» сыныбында «Балалар дауысы" акциясы өтті. Оқушылар «Жақсы ата-ана болуға үйренеміз" тақырыбында жасырын кеңес-хаттарын жазды. 3 «Ә», 4 «А» және 4 «Ә» сыныптарында «Біз біргеміз» тақырыбында ұйымшылдыққа, бір-біріне көмек көрсете білу, жанашыр болуға, қарапайым достыққа баулитын ойындар өткізілді.
Ата-аналарға, ұстаздарға арналған «Жасөспіріммен қарым-қатынас құру құпиясы» туралы мақаласы ұсынылды.
https://yadi.sk/d/fR3hYvXquvsUrQ
Өткізілген іс-шараларды инстаграм және фейсбук парақшаларынан көріп, танысуға болады:
https://www.instagram.com/p/CGNTru7gUIZ/?igshid=1g86o4ljq7sz8
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=378926069956314&id=100035167728219
https://www.instagram.com/p/CGFqU45A0iw/?igshid=1ljx27xo3e89t
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=376816900167231&id=100035167728219