"Күншуақ" жазғы алаңы оқушыларды қуантты. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында алаңда ағылщын тілі, робототехника, ритмика және қолөнер үйірмелері , "Менің әлемім" психологиялық тобы және т.б. өз жұмысын атқарып, күнделікті қызықты іс-шаралар өткізді. Балаларға арналған арнайы тематикалық күндер ұйымдастырылды. "Dance battle", "Ханшайым мен ханзада күні", "Тикток күні", таза ауада серуендеу, қалалық мұражай мен кітапханаға саяхат, сонымен қатар, көңілді эстафеталар, ойындар өткізілді. Қуанышқа толы 10-күндік лагерьде оқушылар көптеген позитивті эмоцияларға толы болды.