"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің жандүнием»

Бекітемін

Мектеп-лицей директоры

Мұқажанова Л.Ө.

30.09.2019ж.

 

«Менің жандүнием» тақырыбындағы

 психолог-педагогтың онкүндік жоспары.

Күні

Іс-шаралар

Сыныптар

Жауапты мұғалімдер

30.09

  • Апталығының ашылуы
  • «Менің көңіл күйім!» Оқушылардың көңіл күйінің диагностикасы.

 

  • «Сенім жәшігі» оқушылармен кері байланыс

1-11 сыныптар

Психологтар

 

Сынып жетекшілер

01.10

  • «Өзін-өзі бағалау» дөңгелек  үстел

10 сынып

Психологтар

 

02.10

  • «Біз және ҰБТ»

 тренингтік жаттығулар

11  сынып

Психологтар

03.10

  • «Өзіңді  және өзгені тани біл»

Сан қырлы психология ғылымына арналған тренинг

8 сынып

Психологтар

04.10

  • «Менің сыныбым-менің үйім» коллаждар сайысы   
  • Сыныптағы оқушылардық қарым-қатынастарын анықтау мақсатында анткеталық жұмыстар

6-7 сыныптар

Сынып жетекшілер

07.10

  • «Менің портретім»

суреттер көрмесі

 

  • Психолого-педагогикалық консилиум «1 сынып оқушыларының бейімделуі»

3-4 сыныптар

 

 

1 сынып ұстаздары

Сынып жетекшілер

 

Психологтар

08.10

  • «Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл» фотосуреттер көрмесі
  • «Қызым үйде, қылығын түзде» қыздар кеңесі

9-11 сыныптар

 

  8-11 сыныптар

 Психологтар

ТІМ

Әлеуметтік педагог

09.10

  • «Құндылық бағдар»  диагностика

9 сынып

Психологтар

10.10

  • «Өмірде маған не құнды» сынып сағаттары

9 сыныптар

Сынып жетекшілер

11.10

Онкүндіктің жабылуы

«Психолог кеңестері» флаерлар тарату

 

Психолог

 

С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің 

2019-2020 оқу жылындағы 30.09 -11.10 аралығында өткізілген

 педагог психолог онкүндігі бойынша есеп

 

Тақырыбы:  «Менің жандүнием»

Мақсаты: жас жеткіншектер арасында психологиялық ахуалды жандандыру, жақсарту, өмірдегі адамгершілік, отбасылық, татулық құндылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өмірді бағалай білуге құштарлығын арттыру.

«Менің жандүнием» тақырыбы аясында өткен педагог-психолог онкүндігі жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.

Мектепшілік лездемеде мектеп оқушылары мен ұстаздарын онкүндіктің жоспарымен мектеп психологы Мухамеджанова Д.Ш., таныстырып өтті.

«Менің көңіл күйім!» оқушылардың көңіл күйінің диагностикасын анықтау мақстаында дәлізде жұмыс жүргізілді. Оқушылар өздерінің сабаққа келгендегі көңіл күйлерінің қандай екенін түрлі түсті стикерге жазып тақтаға жапсырып отырды және сабақ аяқталғанда көңілдерін жазды, салыстырмалы түрде оқушылардың көңілдері өте жақсы көрсеткішті көрсетті.

 

 

                  

 

 «Өзін-өзі бағалау» тақырыбына байланысты дөңгелек  үстел 10 сынып аралығында өткізілді. Оқушылар осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алысты, бейне баяндарды  тамашалап, олар бойынша қорытынды жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға тырысты. «Біз және ҰБТ»  тренингтік жаттығулары 11 сыныптармен өткізілді, өткізілген тренинг оқушыларға ұнады.

«Өзіңді  және өзгені тани біл»  сан қырлы психология ғылымына арналған тренинг 8 сынып оқушыларымен қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілді.

  

«Менің сыныбым-менің үйім» коллаждар сайысы  6-7 сыныптар аралығында өтті. Қабырға газеттері мен коллаждар көрмесі ұйымдастырылды. Сайыс ойдағыдай ұйымдастырылып, балалар өздерінің керемет коллаждарын ортаға салды. Үздік коллаждар иегерлері марапатталды. Үздік сынып портреттерінің иегерлері: 7«К», 7«Ә» және

6 «Ә» сыныптары.

 

 «1 сынып оқушыларының бейімделуі» сынып ұстаздарымен  психолого-педагогикалық консилиум өткізілді.

 

 «Менің портретім» 3-4 сыныптартар арасында суреттер көрмесі өтті, оқушылар белсене қатысты. Әр портрет өзімен ерекше. Ұйымдастырылған көрме басқа сынып оқушыларының көңілінен шықты, үздік портрет иегерлері: 3 «А» сынып оқушысы Еремен Дария, 4 «Ә» сынып оқушысы  Олжабай Камила, Кайржан Дильназ 4 «Ә» сынып оқушысы онкүндік қорытындысы бойынша марапатталды.

                                

«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл» фотосуреттер көрмесі жоғарғы сыныптың  қыздар арасында өтті. Ұйымдастырылған көрме басқа сынып оқушыларына да ұнады.

  • Қызым үйде, қылығыңды түзде» атты қыздар кеңесі өтті. Қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету мақсатында қыздар кеңесі өткізілді. Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері туралы, балалармен қарым - қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерге, жасалуы оңай бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелер туралы ақпар берілді. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыты, оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесін, нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін оқушыларға түсіндіріліп жеткізілді.  8-11 сыныптың қыздары қатысты.

Сыныптағы оқушылардың қарым-қатынастарын анықтау мақсатында анткеталық жұмыстар 9 сынып оқушылары арасында «Құндылық бағдар»  атты тест алынып және оқушылардың осы тестке байланысты психологиялық  нәтижесі жасалды.

 «Өмірде маған не құнды» атты тәрбие сағаттарын сынып жетекшілер өткізді. Оқушылар адамгершілік, мейірімдік, достық жайлы ойларын айтып, ізгі тілектерін жазып, түрлі тапсырмалар орындады. Тәрбие сағаттары өте жақсы деңгейде өтті.

Онкүндіктің жабылуы «Психолог кеңестері» оқушыларға флаерлар таратылды

                             

 

 

Мектеп психологы:   Мухамеджанова Д.Ш.

Жаңартылған күні: 01.12.2019 23:28
Құрылған күні: 01.12.2019 23:28

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст