"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы алаң есебі 2025

20.06.2025

«С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» КММ

«Күншуақ» жазғы алаңының есебі


Жазғы алаң мерзімі: 02.06.2025 – 13.06.2025

2 маусым 2025 жыл – «Бақытты балалық шақ» күні

Бұл күн алаңның салтанатты ашылуымен басталды. Жазғы алаңға 170 тен астам балалар келді. Соның ішінде кіші топ пен бастауыш сынып, 5 сынып оқушылары болды. Балалармен танысу, топтарға бөліну, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, лагерь тәртібі және алғашқы нұсқаулықтар өтті.
Оқушылар арасында көңілді әндер, би флешмобы  ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жазғы алаң кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

https://www.instagram.com/reel/DKZZLx5zOE_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTY4dGZ4YzZ6d3liYQ==

 

3 маусым 2025 жыл – «Салауатты өмір салты» күні

Бұл күні балалар денсаулықтың маңыздылығы жайлы мағлұмат алып, «Салауатты өмір – бақыт кепілі» атты спорттық эстафета өткізді.
Дене жаттығулары, командалық ойындар, таза ауада жүгіру сияқты белсенді іс-шаралар арқылы балалардың физикалық белсенділігі артты.

https://www.instagram.com/reel/DKb2VQizw6C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bGs1bnl5ODkxZHln

 

4 маусым 2025 жыл – «Қазақстан Республикасының Рәміздер күні»

Балалар мемлекеттік рәміздердің тарихымен, мағынасымен танысты.
«Менің туым – менің мақтанышым» атты патриоттық сағат өткізіліп, викторина, сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік әнұран орындалды, рәміздерге құрмет көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/DKeh2aEt3U7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bnI1cnN3NHIxOGZs

 

5 маусым 2025 жыл – «Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз» және «Өрт және су қауіпсіздігі» күні

Тәрбие сағатында балаларға өрт, су, күн астында ұзақ болу және басқа да қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
«Өрт қауіпсіздігі» және «Су қауіпсіздігі» бейнефильмдері көрсетілді.
Балалармен төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекеттер пысықталды.

https://www.instagram.com/reel/DKhEfa_sRWE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=ZGo2N2diYjB1eXU3

 

9 маусым 2025 жыл – «Өз қаламызды сүйеміз» күні

Балалар өз қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен танысты.
«Қаланың қыр-сыры» атты викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Сондай-ақ, қалалық кітапханаға экскурсия жасалды. Балаларға кітап оқудың маңыздылығы туралы қызықты мағлұматтар берілді.

https://www.instagram.com/reel/DKrdrP8TORp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=cndmbGE3bGx1aGli

 

10 маусым 2025 жыл – «Достық күні»

Балалар арасында достық, бірлік, татулық тақырыптарында тренингтер мен әңгіме жүргізілді.
«Горняк» мәдениет үйінде концерттік бағдарламаны тамашалап,  балалар өзара бір-біріне қолдау көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DKwle3uzPXG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dTIxd2h5azhrNG00

 

11 маусым 2025 жыл – «Болашақжастардың қолында»
Әкелер күніне орай «Менің қамқоршым» атты отбасылық сурет сайысы ұйымдастырылды. Балалар отбасындағы әке рөлін бейнелейтін суреттер салып, әсерлі әңгімелер айтты.

https://www.instagram.com/reel/DKwodouzwf7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=cXNhcGZucTF4Y3dx

 

12 маусым 2025 жыл – «Ертегілер әлеміне саяхат»

Балалар өздері сүйіп оқитын ертегілер кейіпкерлерімен танысты.
Кейіпкерлік ойындар, сахналық қойылымдар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, балалардың қатысуымен видеочеллендж түсірілді – әрқайсысы өз сүйікті ертегісін қысқаша баяндап, видеоға түсті.

https://www.instagram.com/reel/DKzsdQJtB7e/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bnltano3bmdqeTBo

 

13 маусым 2025 жыл – «Қоштасу күні»

Алаңның соңғы күні қорытынды шаралармен өтті. Балалар бір-бірімен жылы қоштасты.
«Жазғы лагерь – 2025» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ән, би, көріністер ұсынылды.
Балалар мен тәрбиешілерге мадақтау қағаздары табысталды.

https://www.instagram.com/reel/DK4cUoutSfu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTF2YW1zbjVpemtwaQ==

 

2025 жылдың 2–13 маусым аралығында «Күншуақ» жазғы алаңы өз жұмысын сәтті жүзеге асырды. Жоспарланған іс-шаралар жүйелі түрде өткізілді. Балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты, қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалды.
Балалар әр күнді қызықты өткізіп, шығармашылық және рухани дамуға мүмкіндік алды. Алаң қызметкерлері тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәрбиелік және ойындық бағдарламаларды жоғары деңгейде жүзеге асырды.

 

Просмотров: 2237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст