Мектебімізде 8.01 күні "Оқушылардың сабақтан тыс іс- әрекетін ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі" атты сынып жетекшілері отырысы өткізілді. Отырыс зум платформасында ұйымдастырылды. Күн тәртібінде қойылған мәселелермен қоса сынып жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісті. Тоқтала кетсек:
Ата- аналар жиналысын өткізу тәсілінен 10 А сынып жетекшісі Шаяхметова М.Н, сыныптың психологиялық ахуалын тудыру, оқушыларды достыққа, қызығушылықтарын ояту бойынша 8 А сынып жетекшісі Жетпысбаева М.А, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен ата- аналармен ынтымақтастық қарым- қатынасқа үйрететін тренингтер туралы 1 А сынып жетекшісі Амангельдиева Ш.Х айтып өтті.