30 наурызда көктемгі сессия «Science+English=Double Benefit»аясында Сәкен Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп лицейінде 10 «а»сынып оқушыларымен «Жерді қорғау»күніне арналған «Экология.Қоршаған ортаға әсер ететін физикалық факторлар»тақырыбында іс-шара өтті.Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген құндылықтар жайлы түсініктерін кеңейту.шығармашылық қабілеттерін, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,экологиялық тәрбие беру, Жер-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.Іс-шара барысында оқушыларға мазмұнды,өзекті,қызықты мәліметтер берілді. Сонымен бірге оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп,сөзжұмбақтың шешуін тауып,,пазлдар құрастырды.Оқушылар экология бойынша білімдерін сарапқа салып,қызығушылықпен белсенді қатысты.Сөздік қорларын толықтырды.
Физика пәні мұғалімі Калтенова З.К.