06.04.2021 ж. жасөспірімдер айлығы аясында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп психологі Болатова А.Е. кибербуллинг, өзіне-өзі қол жұмсауға, зорлық-зомбылықты насихаттайтын сайттарға кіруін шектеу мақсатында интернет тасығыштарда "Ата-ана" бақылауы функциясын жандандыру, сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумабекова Н.Х. жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізді. Ата-аналар белсенді болып, өз пікірлерімен бөлісті.
9-11 сынып ата-аналарына оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Капизина А.Е. емтихан туралы жалпы мәлімет берді.