"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ашық бюджет» тақырыбы бойынша өткізген тікелей эфирден берілген мәлімет

04.08.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің  С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ашық бюджет» тақырыбы бойынша өткізген тікелей эфирден берілген мәлімет

Қайырлы күн, құрметті тыңдарман қауым!

«Инстаграмм» парақшасында тікелей эфир арқылы  «Ашық бюджет» бағдарламасы аясында Сіздермен «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің  С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылға бюджеттен бөлінген қаражат және оның игерілуі туралы мәліметпен бөліспекпін. Мектеп басшысы Мукажанова Ләззат Өндірісқызы, байланыс телефоны 6-10-26.

     2020-2021 оқу жылында мектебімізде 50 оқушы мектепалды даярлық сыныбында, 232 оқушы бастауыш сыныпта, 345 оқушы 5-9 сыныпта, 83 оқушы 10-11 сыныпта, барлығы 710 оқушы оқиды, оқу-тәрбие үрдісін жүргізуге 50 педагог-маман қатысуда, олардың 46-сы жоғарғы, 4-уі орта-арнайы білімі бар мамандар, 70%-ы жоғары және І санатты, оның ішінде педагог-зерттеуші  -20, педагог-сарапшы - 15, сонымен қатар 4 педагог-модератор, 7 жас маман қызмет етуде.

      Сонымен, 2021 жылға мектепті қаржыландыруға бюджеттен 287млн 223мың  теңге бөлінген, оның ішінде 74млн 974мың теңге республикалық бюджеттен, 1млн 79мың теңге жергілікті бюжеттен, 23млн 131 мың теңге  республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен, 188млн 39мың теңге жан басына қаржыландыру есебінен. Бұл жерде ескерте кететін жай: 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мектепті қаржыландыру облыстық бюджетке ауыстырылған.

       Енді осы қаражаттың игерілуіне тоқталатын болсақ, 12млн 346мың теңге коммуналдық төлемдерге, 1млн 614мың теңге байланыс қызметтеріне, 204млн 131мың теңге жалақыға, 6млн 929мың теңге өтемақы төлемдері, 19млн 307мың теңге салыққа бөлінген.

«Жалпыоқумен қамту» қорынан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге: 7млн 71мың теңге, оның ішінде 4млн 898мың теңге аз қамтылған отбасының балаларын, 2млн 173мың теңге 1-сынып оқушыларын тамақтандыруға бөлінген.

Басқа да жұмыс пен қызмет көрсету төлемақысын 1 жылға төлеуге 20млн 699мың теңге бөлінген: оның ішіне өрт дабылын бақылау қызметі, бейне бақылау қызметі, қауіпсіздік дабыл батырмасын бақылау қызметі, өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету, дератизация және дезинфекциялау, мектепті зарасыздандыру, сантехникалық қызметтерге, оқу үрдісінде қолданылатын «Bilimland», «Kundelik.kz» білім платформаларының жұмысы және  де тағы басқа мектепке көрсетілетін қызмет түрлеріне. 

 
Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 950мың теңгеге пандус құрылғысы орнатылды.

 
Қауіпсіздік жұмысын нығайту мақсатында 2020жылдың соңында турникет құрылғысы орнатылды, оған 1млн 598мың 600теңге қаражат бөлінді. 
Қазіргі уақытта мектепті толық бейне бақылаумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде: бұл мақсатқа 4млн 861мың теңге қаражат бөлінген: істен шыққан бұрынғы бейнекамераларын жөндеу, қосымша 29 бейнекамера, 2  бейнетіркеуші, 2 манитор орнату, монтаж жұмыстары. 

 
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да жұмыстар оңтайлы жүргізілуде. Бұл жұмыстар Қамқоршылық Кеңес отырысында талқыланып, жоспар бойынша жүргізіледі. Биыл 449мың теңгеге қыз балалардың еңбек сабағын өткізуде қолданылатын 10 тігін машинасы, ер балалардың еңбек сабақтарын жүргізуге 393мың 800 теңгеге бұрғылау станогы, құрал-саймандар алынды, кадет сыныптарында оқу-жаттықтыру жұмыстарын жүргізуге арналған құрал жабдықтар алуға 605мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта акт залын ағымдағы жөнедеу жұмыстары жүргізілуде, оған бюджеттен 6млн 390мың 634 теңге қарастырылған. Сонымен қатар сәуір айында барлық оқу-кабинеттерінің шамдары (светильники) жаңартылды, оған 4млн 288мың 300теңге қаражат бөлінді.

              Бүгінгі уақытта 111млн 124мың 322 теңге қаражат игерілді. Әрі қарай бюджетті игеру жоспар бойынша жүргізіледі.

        Жалпы айтқанда, соңғы екі жылда мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Оның бір мысалы ретінде 2020 жылдың аяғында мектебімізге ресубликалық бюджеттен  76 ноутбук (10млн 412мың теңге), 15 компьютер (2млн 370мың теңге), мектеп кітапханасының жұмысын жандандыру мақсатында 12 ноутбук (1млн 926мың теңге) берілгендігін айтуға болады. Бұл – пандемия кезінде оқу үдерісі қашықтан оқыту түрінде ұйымдастырылған сыныптардың қажеттілігі бар оқушыларын толығымен компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мектеп ұстаздары мен ата-аналары атынан ризашылығымызды біллдіреміз.

       Назарларыңызға көп рахмет! Сұрақтарыңыз болса, 6-10-26 қызмет телефоны бойынша хабарласуға болады. Сау болыңыздар!

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст