Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Ауғаныстаннан Кеңес Одағы әскерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай АӘД мұғалімі Тукенев Д.С. мектепшілік әскери қолданбалы көпсайыс өткізді.
Сайысқа 9 «К», 10 «А», 10 «К», 11 «А», 11 «Ә» сыныптары қатысты. Сайыс ГП-5 газ тұмылдырығын кию жаттығуы, АК-74 қаруын бөлшектеу және жинақтау, оқжаттарды оқпен жарақтау, жүгіру, турникке тартылу, арқан тартыс сияқты бірнеше сынақ бойынша бақ сынасты. Көздерінде от ойнаған, намысты оқушыларымыз мықты дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде 10 кадет сыныбы 1 орын, 9 кадет сыныбы 2 орын, 11 «А» сыныбы 3 орын иеленіп, марапатталады.
Жоғары дәрежелі іс – шара өткізгендігі үшін мектеп әкімшілігі Тукенов Дастан Сериковичке алғыс білдіреді.
ДТІЖО: Жумабекова Н.Х.