Текст
Ақпан айының 13 күні оқушылардың тамақтану сапасын, тамақты әзірлеу, сақтау және жеткізу сапасын анықтау мақсатында Нұротан партиясы мүшесі, қалалық білім бөлімінің әдіскері мектебімізде мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мектеп асханасына, асхана қызметкерлерінің жұмысына жақсы баға берілді. Мектебімізде жалпы оқыту қорынан 81 оқушы, «Волосникова» ЖК 5 оқушы және ата-аналар атынан демеушілік көмек ретінде 12 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.