6.03.2019 жылы мекбіміздің 2"А" мен 2" Ə" сынып арасында " Өнерлі қыз, өнегелі Ана " атты іс - шараны сынып жетекшілері Кушкумбаева Сауле Маратовна мен Бекхожина Жанар Еслямбековна өткізді.Екі сыныптың аналары мен қыздары өздерінің топтарын қорғап, білім мен шығармашылықтарын орта салды, сонымен қатар өнерлерін көрсетіп, сəндік киім үлгілерін тамашалатып көрермендердің ықыласына бөленді, сурет салып, мақал - мəтелдер сайыса қатысты, аналарымыз үйден жасап əкелген тағамдарын қорғады. Кешіміз өте тартымды, көктемдік көңіл күйде өтті, аналарымыз бен қыздарымыздың флешмобы керемет болып залды қуанышқа бөледі. Келе жатқан Халықаралық 8- наурыз мерекесімен қыздарымыз бен аналарымызды, ақ жаулықты əжелерімізді, сүйікті ұстаздарымызды құттықтай отырып, əр отбасына береке, бақыт, шаттық пен əйел бақытын тілейміз!