"Алақай! Ойын!" отбасылық сайысы қаламыздағы отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Ойынның мақсаты: ата–аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабіллетерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа,төзімділікке, салауатты өмір салтына баулу. Бүгін осындай іс-шараға мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Кабдешова Аяжан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Құттықтаймыз! Аяжанды қолдап, демеу көрсеткен сыныптастары мен мұғалімі Сәуле Мұхаметалиқызына алғысымыз шексіз. "Қайнар" БҰ жетекшісі Жанайдарова Г.А.