Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде 8- 9 сынып қыздары арасында " Наурыз аруы- 2019" сайысы өтті. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Атап айтсақ: таныстыру, даналық сөздердің мағынасын айту, өнер, дәмді тіске басар даярлау берілген 4 түрлі жемістен, шаш үлгісін жасау, бет әрлеу, сән үлгісі, зерделі сұрақтарға жауап беру, тамашадан көрініс. Сайыс өте тартысты, мағыналы өтті. Сайыскер сынып қыздары өте жақсы дайындықпен келген. Әділқазылардың шешімі бойынша " Наурыз аруы- 2019" сайысының жеңімпаздары болып 9 а сыныбы арулары марапатталды.
Сайыс барысында мектебіміздің аруларының таланттарымен, тапқырлықтарына тәнті болдық. "Қыз өссе- елдің көркі" деген қазақ атамыз, мектебіміздің, еліміздің көркі болып жүре беріңдер ару қыздар!!! Біз сендермен мақтанамыз! Ертең абыройлы қыз, келін, ана болатындарына сенеміз!
ДТІЖО: Жумабекова Н.Х