"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы

02.09.2022

                   Ата заңымызда көрсетілгендей  бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Әр-бір жолдауды ел азаматтары тағатсыздана күтеніні анық, себебі жолдау Қазақ Елінің алдағы уақыттағы даму жоспарын анықтайды. Енді жолдаудың негізігі тұстары әлеуметтік салағы тоқтала кетсем:

1.Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың шотына аударатынын мәлімдеді. Жинақ шотындағы ақшаны олар кәмелетке, яғни 18-ге толғанда ғана ала алады, деп хабарлайды

"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар жинақталған соманы тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсай алады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын", — деді Президент. Қарапайым тілде айтқанда, оқулық беттеріндегі дамыған елдердегі жүйелі экономикалық даму және адами әлеует біздің елгеде келді деген сөз.

2. «Атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі болмақ. 2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр. Осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Оның бәрі барынша түсінікті, ең бастысы, нақты болады әрі алдын-ала жасалады», - деді Мемлекет басшысы.

3. «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады. Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түседі», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. «Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болу шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн. Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл дегеніміз миллиондаған қазақстандықтардың әлнуметтік жағдайын жақсартуға өз септігін тигізеді деген сөз. Мемлекеттік гранттар санының өсуі, жатаханалардың көптеп салынуы бұлардың бәрі игі бастама.

4. "Еліміздің басты құндылығы - Адам. Бұл - айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру - реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі - қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен" деді Президент. Адам және оның денсаулығы әл-ауқаты кез-келген мемлекет үшін бірінші орында тұрады, осы мақсатта Президентіміздің айтқандары өте орынды.

5. "Еліміздің ауыл тұрғындарының сұранысына бағытталған ұлттық жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыруды шештім. Екі жылдың ішінде бүгінде емдеу орны жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталмақ. Осылайша, мемлекет миллионнан аса тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады. Бұл төрт миллионнан аса азаматқа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шалғай елді мекен тұрғындарына білікті көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина дамиды". Баршамызға аян ауылдық жердің медицина, білім және байланыстың нашар болуынан ауылдағы ағайынның саны азайуда, міне осы проблемаларды шешудің нақты шешімдері баяндалды.

6. "Орта білімнің сапасы - табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек". Осыдан 10 жыл бұрынғы елдегі білім саласындағы ахуал мен кәзіргі ахуалды салыстырыңызшы жер мен көктей. Мемлекет басшысы білім саласын ешқашан тасада қалдырмайтынын тағы дәлелдеді.

7. "Әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдерінің шешуші роль атқаратынына сенімдімін. Кейінгі жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, бұл бағытта әлі де оң өзгерістер қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдап, мұғалімдердің құзыреттілік шеңберін әзірлеу қажет. Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызды". Елінің болашағын ойлаған басшы, елінің білім саласына және ұстаздарына баса назар аударады. Міне бүгінде мемлекет басшысы мұғалімдерге жан-жақты шығармашылық дамуына жағдай жасап, жахандану дәуірінде мұғалімдердің көштен қалмауында меңзеп тұр.

 

Ақмола облысы Степногорск қаласы С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі:    Аяған Нұржан Алдоңғарұлы.

Просмотров: 3807


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст