Бүгін мектебімізде: 20- қараша бүкіл әлемдік балалар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялауына 25 жыл толуына орай " "Бүгінгі мен болашақ: әр баланың қорғалған балалық шағы" атты дүниежүзілік сабағы өтті. Конвенция 0-18 жасқа дейінгі барлық балаларға қатысты халықаралық заңы бар құжат. Онда жазылған құқықтарды 18 жасқа дейінгі балалар қолдана алады. Сабақ барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қабілеттерін қалыптастыру, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешу жөнінде айтылды.