Текст
Тарих пәні апталығы қарсаңында мектептің тарих пәні мұғалімі Аяған Н. А. ұйымдастыруымен 9"А" сынып оқушылары қаламыздағы архивке барып, мекеме тыныс- тіршілігімен танысты. Архив қызметкерлері барлық құжаттармен таныстырып оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар қызықты әрі танымды әсерде болды.