Мектеп асханасы-2020
С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінде 2020 жылдың
29-қаңтарында «Мектеп асханасы 2020» республикалық алдын алу іс-шараларын өткізу аясында «Нұр Отан» партиясының төрағасы Хабибуллина Зульфия Төлешқызының қатысуымен мектеп асханасының жұмысын тексеру жүргізілді.
Мектеп асханасы аспаздық ыдыстармен жеткілікті мөлшелерде қамтамасыз етілген, асхананың санитарлық жағдайы, күнделікті қолданылатын азық-түліктің сақталуы талапқа сай.
Оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында әкімшілік және сынып жеткшілерінің кезекшілігі, сыныптардың тамақтану кестесі мектеп директорымен бекітілген.
Тексеріс жүргізілген күні оқушыларға беріліп жатқан тағам мектеп директорымен бекітілген апталық ас мәзіріне сәйкес болды. Тамақтың дәмін зерделеу кезінде кемшіліктер болған жоқ.
Асхана жанында тамақ ішер алдында қол жууға болатын қолжуғыштар, қолдарын кептіруге болатын қолкептіргіштер бар.
Бақылауға алынған құжаттар бойынша кемшіліктер болған жоқ. Шағымдар мен ұсыныстар кітабында асхана қызметкерлерінің жұмысына тек қана ризашылықтар мен алғыстар жазылған.
Г.Бекбулатова, әлеуметтік педагог