"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қаңтар айының іс-шаралары

30.01.2020

Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған студент жастармен кездесу кеші өтті. Биыл кездесу кешінің тақырыбы " Талаптың мініп тұлпарын, өмірге қанат қаққандар". Кездесуге биылғы оқу жылында болашағынан үміт күттіртетін мектеп түлектері, әр оқу жылдары бойынша студент жастар мен жоғары сынып оқушылары және ұстаздар бас қосты. Кездесудің маңыздылығы үлкен өмірге аттанғалы отырған 11 сынып оқушыларына ақ жол тілеу, болашаққа жол сілтеу, бағыт- бағдар беру. Мақсатымыз, түлектердің өмірде жаңылыспай, өз жолын адаспай табуға көмектесуге септігі тиер деген үмітпен, студент жастарды арнайы шақырып, ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөлісу. Кездесу " Сыр сұхбат" және "Көкейдегі көп сұрақ" бөлімінен тұрды. Қазір студент атағын алған түлектердің балалық бал дәурені өткен мектеп өмірін мәңгілік естерінде сақтасын деген оймен 11 сынып оқушысы Саткен Назира " Алға" әнін тарту етті. Сонымен қатар студенттер арасында өзінің жақсы тәрбиесімен қатар, өнерімен есте қалған Сайлаубай Аяжан әсем даусымен ән шырқап көңілді бір серпіді.
Өздерінің пікірлерін білдіріп, ақыл- кеңестерімен бөліскен, Қазақстанның әр аймағында ( Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Атырау, Астана) білім жолында талмай жүрген студент жастарымызға ризашылығымызды білдіреміз! Келгендеріңе көп- көп рақмет!
ДТЖО: Жумабекова Н.Х.

На изображении может находиться: 21 человек, в помещении

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст