2020 жылдың 22 қаңтары күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын оқып, идеясын түсіну мақсатында танымдық сайысқа қатысты. Мақаланың негізгі идеясын ашатын презентация және бейнероликтер дайындап, түрлі тапсырмаларды орындады. Бұл "Адамзат бар да Абай бар" атты танымдық іс-шара өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Себебі оқушылар Президент мақаласын жан-жақты талдай отырып, Абайдың сөзі мен ойы мәңгі жасайтынын білді. Әр топ және олардың жанкүйерлері де белсене жұмыс істеді. Танымдық сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынмен 9 "А" сыныбы марапатталды. 2-орынды 9" Б" сыныбы, 3-орынды 10" Ә", 10" А", 9" Ә" сыныптары иеленді. Бұл іс-шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ережепова Гүлбира Батыровна.