2020 жыл Қазақстанда "Волонтер жылы" болып жариялануына орай және " Ерікті болу -ерлік" деген ұранмен бүгін мектебіміздің ата- аналары мен мұғалімдері, оқушылары өз еріктерімен мектеп маңындағы қалың қарды аршуға белсенді түрде келіп көмек берді. Ата- ана, ұстаз, оқушы үштігі күш жігерлерін біріктіріп, мектебімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін берді.
Ерікті болу- адамгершіліктің белгісі, алғыс алып, жақсылыққа кенелу!
Бүгін мектеп маңайын қалың қардан аршуға келген барлық еріктілерге зор алғыс білдіреміз! Әрқашан достығымыз жарасып, жақсылық жасауда белсенді болайық!