27.01.2020 мектебімізде "Сынып жетекшісі- тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы" атты сынып жетекшілер отырыс өтті. Отырыс
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!- деген Ұлы Абайдың ұлағатты өлең жолдарымен, онымен қоса " Көзімнің қарасы" әнін ұжым болып шырқаудан басталды.
Ұлы Абайды толғандырған білім мен ғылымға оқушыларын сөз ұғатын, көкірегінде сәулесі жанған тұлға етіп тәрбиелеу жолында ұстаздар пікір алмасып, сынып жетекшісінің қиыны мен қызығын, кедергілерін талқылады. Жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін нені алғы шарт ету керектімен бөлісті. Күн тәртібіне сай
2 а, 4 ә, 6 а сынып жетекшілері өздерінің тәрбиедегі тәжірибелерін әріптестеріне таратты.
Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Ұлы Отан соғысының аяқталуына 75 жыл толуына орай жасалған жоспарлар талқыланды.
Келешектің сөзін ту еткен Абай атамыздың қасиеті мен киесі мол ұлағатты сөздерін бойтұмардай сақтап оқушы тәрбиесінде жұмсауды ұстаздарымыз терең түйсінеді.