Текст
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына орай мектебімізде әр сәрсенбі 2 сабақтан соң " Майданнан әскери хроника" айдары өткізіледі. Осы аптада 8 а сыныбы " Ұлы Отан соғысына Қазақстан қатыспағанда не болар еді?" тақырыбында өткізді. Қазақ елінің сұрапыл соғыста жеңіске қосқан үлесінің зор екендігін баяндап, видео көрсетті. Сынып жетекшісі: Райхан Манаргүл.