«Мектепке жол» акциясы – қайырымдылықтың жарқын үлгісі
2023 жылдың 01 тамызынан бастап «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмей қалуын болдырмау, алдын алу. Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіледі.
Науқанға кез келген адам қатыса алады: мемлекеттік мекемелер, еріктіліер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Жаңа оқу жылы қарсаңында игі бастамалар елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Құрметті акцияға қатысуға ниет білдіруші азаматтар Сіздерді акцияға қатысып, қолдау көрсету үшін «С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» ММ ғимаратына шақырамыз.
Мекен-жайы: Степногорск қаласы 4 шағын аудан, 46 ғимарат тел.64963