"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ғылыми жоба" байқауының Республикалық кезеңі

30.04.2024

Ақмолалық 5-6 шы сынып оқушылары Советов Шернияз бен Жантурин Ерасыл «Ғажайып Лего әлемі » тақырыбында ғылыми жоба жұмысын жазды.

Жобаның өзектілігі: қазіргі балалар тек дайын ойыншықтар мен компьютерлік ойындар,ұялы телефондарға әуестенбей, Легодан әр түрлі дүниелерді құрастырып,жасап шығаруға болатынын насихаттау негіз болды.

Ерасыл мен Шернияз «Lego Education» «Физика және технология», «MINDSTORMS » Education легосынан жылдамдық қосқышы бар электр қозғалтқышпен жүретін электр көлігін, жел диірмесін, үш бағдарламамен үш түрлі қозғалыс жасайтын робот суретші және шағын генераторды пайдаланып өз қолдарымен құрылғы құрастырды. Әлем нарығында 131 сауда орны бар бренд ғылым мен техника заманына лайық жастарды қалыптастыратындықтан, Ерасыл мен Шернияз өз модельдерін физика және жаратылыстану сабақтарында физика заңдылықтары мен ұғымдарын түсіндіруде қолданды.

Қорытынды: « Лего құрастырма жай ғана ойын емес,ол ғылым мен технологияның қыр-сырын тануға, шығармашылық,техникалық қабілеттерімізді дамытуға және ғылым мен техниканың шынайы әлемін тануға керемет мүмкіндік беретін таптырмас құрал екенін түсіндік. Алдағы уақытта еліміздің роботехника саласының дамуына өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді» , - дейді жас зерттеушілер.

Нәтижесінде, Степногорск қаласының №5 көпсалалы мектеп- лицейінің оқушылары Жантурин Ерасыл мен Советов Шернияз өз зерттеу жобаларымен «Физика,космос» секциясы бойынша «Зерде» ғылыми жоба байқауының Республикалық кезеңіне қатысып,жүлделі 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Просмотров: 2583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст