Қалалық «Зерде» ғылыми-практикалық конференция қорытындысы
Ақпан айының 3-і күні мектебімізде 1-7 сынып оқушыларының қалалық «Зерде» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Бұл коференцияға ұсынылған 8 жұмыстың барлығы әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша жоғары баға алды. Жеңіске жеткен оқушыларымыз бен оларды дайындаған жетекшілерін үлкен жеңіспен құттықтаймыз!
І орын иегерлері: Ерқанат Ерасыл, 5А (информатика, Абилдина Алтын Мараловна), Қоржымбай Дидар, 6Ә (математика, Төлеген Сапура Өтепбергенқызы), Санах Ислам, 3Ә (экология, Абежанова Нұржамал Арысбекқызы), Тұрдыбекова Анель, 2А және Тұрдыбекова Әсем, 6Ә (медицина, Амангельдиева Шынар Хамитовна), Маралтаева Айзада, 6А (қазақ әдебиеті, Ережепова Гүлбира Батыровна)
ІІ орын иегерлері: Жартаев Тайыр, 5К (физика, Қалтенова Зияда Қалауовна), Насыр Абдумәлік және Нұрмахан Нүрия, 2Ә (математика-логика, Хуаныш Гүлзада), Олжабай Арлан, 2А және Мағауия Жаннұр,4А (қазақ әдебиеті, Амангельдиева Шынар Хамитовна).
Директордың лицей сыныптары бойынша орынбасары Искакова О.С.