«5-сынып оқушыларының орта буынға ауысу мерзіміндегі бейімделу деңгейлері» тақырыбындағы педконсилиум
Ағымдағы жылдың 28-ші ақпан күні мектебімізде «5-сынып оқушыларының орта буынға ауысу мерзіміндегі бейімделу деңгейлері» тақырыбында педконсилиум өткізілді.
Педконсилиумның мақсаты: 5 сынып оқушыларының бастауыш деңгейден орта буынға ауысу мерзіміндегі психологиялық жағдайлайларын анықтау, білім деңгейлерін салыстыру.
Педконсилиумды мектебіміздің педагог-психологы Жанайдарова Г. А. жүргізді, оған сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты.
Гүлмайра Амантайқызы 5 сынып оқушыларымен өзін-өзі бағалау, сонымен қатар «Филипп және Раве» әдісі бойынша диагностика, психологиялық тренингтер жүргізу арқылы әр оқушының қабілет деңгейлерін, сыныптағы психологиялық климат және «тәуекел тобындағы» оқушылар анықталып, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін атап өтті. Әр оқушы туралы
сынып жетекшісі мінездеме жасады. Пән мұғалімдері өз пәндерінде оқушылардың үлгеру деңгейлері туралы айтты.
Мектеп психологы: Г. А. Жанайдарова