"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

29.12.2020
КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек. Ережелер туралы ата-аналар мен мектеп мұғалімдері құлағдар ету қажет. Сынып жетекшілері арнайы сабақта өзін – өзі көшеде, қоғамдық көлікте ұстай білулері туралы, көшеде жүру ережесі туралы, үлкендермен сөйлесу әдебі туралы түсіндіреді.

Қауіпсіздік ережелерін білу арқылы оқушылар каникул кезінде жарақат алмайды. Кейбір жағдайда бұндай ақпарат оқушының өмірін сақтап қалады. Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.

Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту.

Балалар білуге тиіс:

·                     бұралқы жануарлармен ойнамау;

·                     дәрілерді, таныс емес заттарды қабылдамау, ішімдік, наша;

·                     рұқсатсыз су жағасына барма;

·                     бейтаныс ауданда серуендемеу, биіктіктен секірмеу;

·                     бағдаршамның қызыл түсіне және көрсетілмеген орында жүгірмеу;

·                     өткір, жарылғыш, жанғыш заттармен ойнамау;

·                     компьютералдында көп отырмау;

·                     қоқыс, құрылыс алаңдарында, тас жол және темір жол маңатында жүгірмеу;

·                     бейтаныс адамдарды пәтерге шақырмау, бөгде адамдарға ата-аналарының ақшаны, бағалы заттарды сақтаған жерлері туралы айтуға болмайды;

·                     асқа бейтаныс өсімдіктер мен азық – түліктерді қабылдамау;

·                     пәтер кілтін басқа біреулерге көрсетуге болмайды;

·                     қоғамдық орындарда өзін – өзі ұстау әдебін сақтау.

 

Балалар жиі қол, аяғын, құлағын, мұрындарын үсіріп алады. Алғашқы көмекті көрсете білуді білу қажет. Мысалы: оқушы үсіп қалған саусақтарын салқын суда жылытып, бірте-бірте су температурасын ұлғайтып отырады.

Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік

https://www.ktk.kz/ru/blog/article/2019/01/19/110305/

Каникул кезінде жалпы ережелерді сақтау қажет!

Қысқы аяқ киім ыңғайлы болуы, оның табаны таймауы қажет, сол кезде бала қар мен мұздың үстінде аз сырғанайтын болады.

Бала қолғаптарын жоғалтпауы үшін оларға резеңке тағып қойыңыз.  Барлық мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың алдын алыңыз.

Шаңғыны саябақтарда, қаланың сыртында, қаланың автокөлік жүрмейтін жерлерінде тебу керек.

Конькимен арнайы жабдықталған орындарда сырғанау керек. Құлап қалу мүмкін болғандықтан, балаға тығыз киім кигізіңіз. Қажет жағдайда ұстап қалу және құлатып алмау үшін баланың жанында болыңыз. 

сынған жерлерінің болмауын тексеріңіз. Төбешіктен шанамен емес, ледянкамен сырғанаған дұрыс.

Көлік өтетін жерге қарай сырғанамау керек, кішкентай балаларды кішкентай, аласа қарлы төбешіктерден, адамдар аз жүретін және ағаштар өспейтін, дуалдар және басқа да кедергілер болмайтын жерлерде сырғанатқан жөн. Баланың шанада ішімен жатып сырғанауына рұқсат етпеңіз, ол тісін сындырып немесе басын соғып алуы мүмкін.  

Балаларға жолға жақын ойнауына рұқсат етпеңіз. Биік жерлерден қарға секіруге рұқсат бермеңіз. Қардың астында сынған бөтелкелер, тастар, қоқыс және т.б. болуы мүмкін. 

Балаларға қарды, мұз кесектерін ауызға алуға болмайтынын түсіндіріңіз: оларда ауру тудыратын көзге көрінбейтін кірдің және микробтардың болуы мүмкін.

Балаларға мұз басқан тротуармен бүкіл табанмен басып, кішкентай қадамдармен жүруге үйретіңіз. Мүмкіндігінше, тайғақ жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. 

Қыста әсіресе жолды абайлап өткен дұрыс – тайғақ жолда машина тез тоқтай алмауы мүмкін.   

Аязды күндері балалармен бірге серуендеуді азайтыңыз немесе мүлдем тоқтатыңыз, өйткені үсіп қалу қаупі жоғары болады.   Балаларды қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі. 

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

 

 

 

 

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст