Еліміздің барлық мектептерінде 8 қыркүйек күні бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, ал 9 қыркүйек 10-11 сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен "ХХІ ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз" тақырыбында БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтетіндігі жайлы хабарлаған болатынбыз. Аталмыш жиында бірінші сынып оқушыларының ата-аналары алғаш рет психологтардан бала тәрбиесіне байланысты құнды кеңестер алды. 9 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарын күтеміз.
Республикалық ата-аналар конференциясының нақты демалыс күні өткізілуінің өз мәні бар. Өйткені жұмыс күндері ата-аналар әдетте кешкісін үйге асығып, жиналысқа келмейді не болмаса жиналысқа шаршаған күйі қатысады. Нәтижесінде жиналысқа шығарылған мәселелер мен қажетті ақпарат толыққанды қабылданбай қалады. Аталмыш іс-шара ата-аналар тарапынан жеткілікті назар аударылғанын талап етеді.
Құрметті ата-аналар, осы орайда аталмыш шараға үлкен жауапкершілікен қарауларыңызды сұраймыз! Өйткені жиын Сіз және сіздің балаңыз үшін ұйымдастырылып отыр.
Өтетін орны мен уақыты: мектептің мәжіліс залы сағат 10.00-де