Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектебімізде «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген
ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздеуіне,
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бибітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, басшылығы
арқасында ынтымақта өмір сүріп келе жатқан елміз деп, мектебіміздің тарих пәні
мұғалімі Аяған Н.А. мен директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Жумабекова
Н.Х. ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек стол өтті. Осы
іс-шараға Степногорск қалалық мешітінің найб имамы Аубакиров Медет Дәулеткелдіұлы
мен «Халық қазынасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хабар Хайым қатысып
рухани, құнды әңгіме өрбітті. Отырыс барысында өзге халықтардың мәдени және
рухани құндылықтарына құрметпен қарауға, бірлікте және кешірімділікке,
қайырымдылыққа, өзара түсіністіке шақырды. Еркін пікірталас барысында нақты
көзқарастар айтылды. Соңында 11 сыныптарға алдағы асу үлкен жолдарына сәттілік
тілеп, үлкен қалалрға барғанда сақ жүру керектігі туралы айтылды.