Текст
21 қараша күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты елбасының бағдарламалық
мақаласы жарыққа шығуына байланысты мектеп ұжымы алдында тарих пәні мұғалімі
Аяған Нұржан Алдонғарұлы баяндама жасады. Баяндама барысында елбасымыздың «Өткенін
мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің
табысты болуының кепілі дегеніміз осы» сөзін негізге ала отырып, мақаланы жақсы
талдап, түсіндіріп берді.