Мектебімізде бүкіл әлемдік спидке қарсы күніне орай «Біз салауатты өмір салтын қалаймыз» атты акция өтті. Акция барысында директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Жумабаева Н.Х. оқушыларға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу, одан сақтана, қорғана білу нашақорлықтан аулақ болу туралы ақпараттық танымдық материалдар көрсетіп, мағлұмат берді.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Акция барысында оқушыларға ой салатын, қала көлемінде болған сайыста 1 орынға ие болған «СПИД» деген
қатерден сақтан атты видеоролик көрсетеледі. 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сыныптары оқушылардаы салауатты өмірге шақырып, заманауи би көрсетіп, нашақорлыққа жоламауға үндеу жариялса,
10-шы кадеттер мағынасы терең қойылым қойып, нашақорлықтың түбі жантүршігерлік
жағдайға әкеліп соқтыратынын көрсетті. 10 «А» сынып оқушылары өмір деген ғажап
екенін, жасөспірімдерге уақыттарын пайдалы іске жұмсауға шақырып, көңілді ойын ұйымдастырды. Мектебіміздің түлегі Нұрбеков Дәурен акцияға қонақ
болып қатысып, қызықты ойын ұйымдастырып әр адамның болашағы өз қолында екенін,
нашақорлықтан, темекіден, ішімдіктен аулақ болуға, ұлтымыздың болашағы дені сау
адамдар екенін айтты. Акция соңында газеттер байқауының нәтижесін айтылып
мадақтамалар берілді. Ең үздік газет 9 «А» сынып оқушыларының жұмысы болды. Кеш
бимен жалғасты.