"Әкелерім бақытымсың, барымсың, тірегімсің, сүйенішім, бағымсың
Жалғасындай әкелердің барында,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын - деген тілекпен, жиналысқа келген барша әкелерімізге алғысымызды білдіреміз!
Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында және қоғамда жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық, ерте жүктілік, өзіне өзі қол жұмсау фактілерінің жиелілеп кетуіне орай мектебімізде барша әкелердің қатысуымен "Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" атты бала тәрбиесіндегі уақыт күттірмейтін өзекті мәселелер туралы жиын ұйымдастырылып, өткізілді. Жиналысқа 0-11 сынып аралығындағы әкелер қатысты. Шараның барысында директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары әкелердің тәрбиелік ролі туралы0әлеуметтік педагог Райхан М. жасөспірімдердің құқықбұзушылық кезінде заң бойынша қандай жазалар болатындығын, меткп психологі Жанайдарова Г.А. өзіне өзі қол жұммаудың алдын алу жұмыстары туралы баяндап берді.
Баланың тәрбиесі - болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңі іргесін қалайтындар бүгінгі балалар. Сондықтан қазақ халқының озық мәдениет үлгілерін, ұлттық тәрбиесін, үлгі-өнегесін сіңіру - мектептің және ата-ананың міндеті.