Текст
20 қаңтарда 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарының арасында Елбасымыз ұсынып отырған «Үштұғырлы тіл саясатын» іске асыру мақсатында «Полиглот» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол жаһанданудың кепілі.