Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қалалық бастауыш сынып әдіскері – Сапарова Айнур Аблайхановна және қалалық бастауыш сынып әдістемелігінің жетекшісі – Хуаныш Гулзаданың жетекшелігімен С. Сейфуллин атындағы 5 КМЛ-де кезекті бастауыш сынып бірлестігінің №3 отырысы өтті. Отырыс барысында:
- Бастауыш сыныптарының оқу үлгерімдері;
- Қалалық бастауыш сынып пән олимпиадасы;
- Мектебімізде болатын "Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізу" бойынша №2 өңірлік семинар;
- Қызықты тренинг;
- Ағымдағы мәселелер қарастырылды.
Қызықты тренингті - Степногор орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жухамай Нурай өткізді. Тренинг «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша жоспарланыпты. Тренинг барысында мұғалімдер оқушының бір күндік сабақтарына қатысып, оқушы болып, түрлі тапсырмаларды орындап, тренингті басшылыққа алған Жухамай Нурайға кері байланыстар ұсынылды.